Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық құрылтай басталды
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды. Құрылтайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және құрылтай мүшелері қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтайдың секциялары жұмысын 14 наурыз күні бастаған.
Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.
Ал негізгі жиын Президенттің төрағалығымен бүгін өтіп жатыр.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтай алғаш рет Ұлытау облысында шақырылды. Өткен жылы құрылтай мүшелері Түркістанда бас қосты.
Құрылтайдың үшінші жиыны Атырауда өтіп жатыр.
Фото: egemen.kz