Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогика: Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады

Педагогика: Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады

Оқу-ағарту министрлігі педагогтер лауазымдары тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, тізімге педагог-кәсіптік бағдарлаушы мамандығы қосылады.

Педагог-кәсіптік бағдарлаушы лауазымы оқушылардың таңдаған келешек мамандығына кәсіптік бағдарлау жұмысын ертерек үйлестіру үшін қажет.

Аталған құжат көпшіліктің талқылауы үшін 8 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Фото: ашық дереккөз 
26 наурыз 2024 ж. 280 0