Шұғыл жиын: олқылық орнына келеді деп сенейік!

Жиында аңғарылғандай, Президент пәрмені қатты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмауы кесірінен облыс , аудан тұрғындары зор шығынға батып, ел абыройына нұсқан келгенін қынжыла баяндады.
Басқосу барысында Президент су тасқынына қарсы дер кезінде әрекет жасай алмағаны үшін премьер- министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға ,Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке сондай-ақ, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне сәйкес ескерту берді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы шұғыл жиналған басқосуда Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар, Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, жауапсыздықтың кесірінен тұрғындар қаншама шығынға батқанын қынжыла жеткізіп, барлық азаматтарға шығын көлемі есептеліп, жан-жақты көмек көрсетілетінін ортаға салды.
Жалпы, көктемгі жылда орын алатын жағдай биыл тіптен оңай болмады. Тұрғын үйлер қызыл судың астында қалып, ауыл тұрғындары үлкен шығынға батты .Бұдан бөлек үлкен қалалардың өзі ағысқа төтеп бере алмады. Қысқасы, шығын шаш етектен. Президенттің пәрменімен жасалған шаралар басқа жауаптыларға сабақ болып, жіберілген олқылықтар ендігі жерде қайталанбаса екен деп тілейміз.
Абай ЕЛЕШ,аудандық "Толқын" газетінің Бас релакторы