Өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жүзеге асырылуда

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – ел саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі», – деп өз сөзінде ерекше атап өткен болатын. Бұл ретте біздің департамент аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өздеріңізге белгілі, қызметіміздің басты бағдары ретінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» әзірленген болатын. Аталмыш карта департаменттің күнделікті жұмысының негізгі бағдары десек болады. Жалпы, біздің облыста жемқорлықтың тоғыз бағыты айқындалған. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен, жер, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік сала, олигополия, бизнес, сейсмикалық қауіпсіздік және т.б. Осы ретте картада көрсетілген әрбір сала бойынша департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Асылхан Амангелдіұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі