Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қастерлі де ұлық мейрам - Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
Ораза айт мейрамы – әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын сеуіп, асыл дініміздің құндылықтары ұлт руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.
Қасиетті Ораза айт мерекесінде әрбір отбасына зор денсаулық, қажырлы күш-қуат, шадыман шаттық пен бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!
Ораза Айт құтты болсын!
10 сәуір 2024 ж. 137 0