Қызылордалықтар 11 жыл бұрынғы апат құрбандарын еске алды

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу күнін өткізіп келеді. 2019 жылдың 28 ақпанында қайғылы оқиға орын алған жерде орнатылған мемориалдық тақта алдындағы еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды. Одан соң әруақтарға арнап Құран бағышталды.
Еске алу шарасында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ТЖД бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев, қаза болған Қазбек Төремановтың туыстары мен жақындары қатысып, сөз сөйледі.
Одан соң Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қаза болғандардың туыстары Жалағаш ауданында орналасқан «Ұрпаққа үлгі есімдер» мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы