Сыр өңірінің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

Басқосуда өңіріміздегі археологиялық ескерткіштердің зерттелуі, жай күйі мен өзекті мәселелері және қолданыстағы заңдылықтар талқыланды.
Шараға басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, салаға қатысты жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тарихшы археологтармен қоса, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері де арнайы қатысты.
Өңірдің тарихи-мәдени мұраларын сақтау және пайдалану бағытындағы жұмыстар, ескерткіштің қорғау аймағын анықтауда жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерін қолданудың маңызы, сауысқандық петроглифтерін қалпына келтіру және туристік әлеуетін дамыту, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер де назардан тыс қалмады.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: ашық дереккөз