Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін тарихи келісімге қол қоямыз

Тоқаев Садыр Жапаровқа шақыруын қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніне алғыс айтты.
Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Қырғызстан – біз үшін бауырлас ел әрі маңызды серіктес, - деді Президент.
Тоқаев атап өткендей, халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға негізделген. Осындай бастауы бар қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серістестік рухында дамып келе жатыр.
Біз одақтастық байланысты нығайтуды қолға алдық. Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тым серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сол себепті үлкен үмітпен қарап отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Ақордада Қырғызстан президентін қарсы алған болатын.
18 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалағанын еске сала кетейік.
Фото: baq.kz