Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?

Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?

Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 176 соғыс ардагері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 222 майдангер болған.

Соның ішінде:

Астанада – 7 адам;
Алматы қаласында – 44 адам;
Шымкентте – 2 адам;
Ақмола облысында – 6 адам;
Алматы облысында – 14 адам;
Абай ауданында – 4 адам;
Ақтөбе облысында – 1 адам;
Шығыс Қазақстан облысында – 14 адам;
Жамбыл облысында – 10 адам;
Жетісу облысында – 4 адам;
Батыс Қазақстан облысында – 13 адам;
Қарағанды облысында – 11 адам;
Қостанай облысында – 16 адам;
Қызылорда облысында – 4 адам;
Маңғыстау облысында – 2 адам;
Павлодар облысында – 7 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 адам;
Түркістан облысында – 11 адам тұрады.

Айта кетейік, биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ.

2023 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озды. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Ресейде 10-нан 50 мың рубльге дейін (шамамен 50-250 мың теңге) төленді.

Сурет: ашық дереккөз 
30 сәуір 2024 ж. 252 0