Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды  Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл күн – аталарымыз бен әкелеріміздің майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі мен аналарымыздың ауыр күндердегі ерге бергісіз елдік істерінің жемісі.  
Сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан ата-бабалырымыздың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдей түсуде.Тарих қойнауындағы ерлікке толы жеңісті жолымыз ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де Жеңістің нәтижесі. Біздің Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуге тиіс. Оларға деген құрмет тек бір күнмен ғана шектелмейді, ерлігі әрдайым дәріптеледі.
Қадірлі ағайын!
Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас жігерінің үлгісі болған Ұлы Жеңіс туы мәңгі желбірей берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ - береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев

09 мамыр 2024 ж. 285 0