Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Қамыстыбас елді мекенінде Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және қызмет алушылардың шағымдану үлесін азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету жәрмеңкесі өткізілді.

Аталмыш жәрмеңкеге жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатыстырылды. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың құқықтары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі және электрондық қызметтерді алу тақырыптарында ақпараттық брошюралар таратылды. Қызмет алушыларға «Digital agent»мобильді қосымшасымен жұмыс жасау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
05 наурыз 2019 ж. 1 384 0