Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жалғасуда

- Облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында 18-27 жас арасындағы 850-ге жуық азамат түрлі әскери құрылымдарда қызметін өтейді. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 160-қа жуық азамат аттанса, Қарулы күштер қатарына 400-ге жуық, ал мемлекеттік күзет қызметіне 11 азамат әскери борышын өтеуге жолданды. Ал, Ұлттық ұлан қызметінде 275-ке жуық азамат әскери борышын өтемек. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға, білім беру секторында жеңілдіктер беруге (ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар), сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады, - деді Алмат Алмасұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі