Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция күніне орай мерекелік шара өтті

Полиция күніне орай мерекелік шара өтті

Ел тыныштығын кірпік қақпай күзетіп жүрген тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып:
«Әрбір мемлекеттің дамуының басты мұраты – ел тыныштығы мен халқының бейбіт ғұмыр кешуі. Полицияда қызмет ету – маңызды әрі жауапкершілігі мол іс. Сондықтан да бұл кәсіби қызмет – зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бүгінгі тәртіп сақшыларының еңбегі ерен. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» - деп, ізгі лебізін білдірді.
Мерейлі сәтте құқық қорғау саласында елеулі еңбек етіп, қызмет барысында қырағылық танытқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Одан соң аудандық полиция бөлімінің бастығы М. Беркімбаев сала ардагерлері мен әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап,  қалтқысыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына марапаттар табыстады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, полиция қызметкерлері өнер көрсетті.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
23 маусым 2024 ж. 251 0