Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы дәрі ұсынған екі нәзік жанды кім?

Елбасы дәрі ұсынған екі нәзік жанды кім?

Мемлекет басшысы Ақордада "Көктем шуағы" атты кездесу ұйымдастырып, әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Ақорда Инстаграм парақшасында жарияланған видеоның астында Елбасымыздың кездесуде салқын тигізіп алған екі нәзік жандыға өз қолымен дәрі ұсынған.
7 наурыз "Ақорда" резиденциясында мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу өткізген болатын. Кездесуге қатысқан нәзік жандылардың ішінде екеуінің салқын тигізіп алғанын байқаған Елбасы   өз қолымен дәрі ұсынып, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді.
Елбасының қолынан дәрі ішкен нәзік жандылар кім?
Наталья Ермолина — «Астана-Зеленстрой» АҚ бригадасының басшысы.
Мәншүк Мәмбетова Құдайбергенқызы — Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісінің орынбасары, алты баланың анасы.
Ол 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр академиялық дәрежесі және «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен, 2001 жылы осы факультеттің күндізгі магистратура бөлімін «Тіл теориясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2002-2004 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды.
Әртүрлі ғылыми басылымдар мен ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ «Ресми-іскери клише тұлғалар» атты 3 монография, «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Құжаттық лингвистика» пәндері бойынша 3 оқу-әдістемелік құрал шығарды.
www.qamshy.kz
08 наурыз 2019 ж. 1 112 0