Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мархабат Жайымбетұлы Қамыстыбас ауылдық округі ауыл тұрғындарымен кездесті

Мархабат Жайымбетұлы Қамыстыбас ауылдық округі ауыл тұрғындарымен кездесті

Мархабат Жайымбетұлы Қамыстыбас ауылдық округінде орналасқан №21 орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл ақсақалдары Қамбаш көліне су толтыру, авто жол, мектептің қосымша құрылыс мәселелерін қозғады. №21 орта мектебінің жоба құны 226 373,6 мың теңге болатын 100 орындық қосымша құрылысының, мердігер мекеме «Намыс Құрылыс» ЖШС–гі бастапқы жұмыстарын атқарған. Қазіргі таңда бөлінген қаржысы кері қайтарылған. Өз кезегінде М.Жайымбетов қолынан келгенше көмегін беретінін жеткізді.
Бұдан әрі «Қамбаш» көлі жағажайы мен «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының жұмысмен танысты. Қазіргі таңда ауысым саны – 7 жазғы сауықтыру ауысымы және 8 қосымша білім беру ауысымы, жобалық қуаттылығы – бір аусымда 130 бала тынығып білім алады.

"Аманат" партиясы қоғамдық бірлестігінің Арал аудандық филиалы
01 шілде 2024 ж. 96 0