Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді

2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Си Цзиньпин екі елде Қазақстан мен Қытайдың мәдени орталықтары ашылғанын, сондай-ақ Қазақстанда Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазақ пен қытай халықтарының жақындасуына ықпал етуі тиіс.

«Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасын ашу, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылданды», деді Си Цзиньпин Ақордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ол елдердің кино және медиа саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін айтты.

Сурет: egemen.kz
03 шілде 2024 ж. 181 0