Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет Петропавлдағы автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

Үкімет Петропавлдағы автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

Үкімет Петропавл қаласындағы апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтау үшін 2,9 млрд теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Петропавда 1961 жылы салынған автожол өтпесі апатты жағдайда тұр.

Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі, Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды, аудандар мен облыс орталығы арасындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді.

Құрылыс кезінде автожол өтпесінде қозғалыс шектеледі. Осыған байланысты, Универсальная көшесінің бойында бұрыннан бар жолмен қатарластыра жаңа жол өтпесі салынбақ. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігін жергілікті бюджет қаржыландырады.

Сурет: ашық дереккөз 
24 шілде 2024 ж. 161 0