Сенбілік жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды

Бүгін де осы бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасын тапты. Атап айтқанда І сектор бойынша Ә. Әленов көшесінен әскери қалашыққа дейінгі аралық, ІІІ сектор «Керуен сарайының» артқы бөлігі және ІІ, ІІІ, ІV сектор Жайлы мектептің артындағы карьерлер күл-қоқыстан тазартылып, арнайы техниканың көмегімен карьерлер көмілді.
Сондай-ақ қаладағы түрлі мекемелер өз аймақтары бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді. Көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, арнайы әктеу-сырлау жұмыстары жүрді.
Иә, тазалық сақтау - қауіпсіз әрі салауатты өмір кепілі. Осындай ұстанымда өмір сүрген халқымыз әркез тазалықты бәрінен биік ұстап келеді.

