Тазалық жұмыстары жалғасуда

Бүгін Аралда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында қаланың орталық көшелері мен шет аймақтар тазартылып, шөп-шалаңдар шабылды, қоқыстар жиналды. Сондай-ақ, саябақтарда темірлерді дәнекерлеу және ойын алаңдарын әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоғам үшін тиімділігі зор жұмыс жалғасын табатын болады.
Оған тек мекеме қызметкерлері емес, тұрғындар да белсенділікпен қатысуы керек. Өйткені бұл – баршаға ортақ.
Туған жерді бәріміз бірге аялайық!

