Туған өлке тазалығы – баршаға ортақ іс

Сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелердегі тазалықты сақтау экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қоғам назарын аударуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Тазалық жұмыстары барысында автожол жиектері, темір жолы маңы мен қоғамдық орындар, демалым аллеялары, қалаға кіре беріс аймақтар тазартылып, көшелердегі қоқыс қалдықтары тиісті орындарға шығарылды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық шараларына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті.
