Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық жұмыстары жүйелі жүріп келеді

Тазалық жұмыстары жүйелі жүріп келеді

Қай өңірге барсақ та алдымен оның тазалығына қарайтынымыз анық. Иә, таза жер өзімізге жайлы, демалуымызға да қолайлы емес пе?! Сол үшін ауданда да тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Таяуда аудан бойынша қала, кент және барлық ауылдық округтерде республикалық экологиялық акция аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікте кіре-беріс аумақтар, көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда ретсіз өскен шөптерде шабылып, тазартылды.
Жалпы аудан тұрғындары тазалық мәдениетін жақсы сақтайды. Тіпті кей тұрғындар өз көшелерінде тазалық жұмыстарын үйымдастырып жатады. Сонымен бірге сырттан қалаға келген қонақтардан тазалықтың жақсы сақталғаны туралы мақтау сөздерді құлағымыз жиі шалады. Бұл да аудан мерейін асырары сөзсіз.
Аудан тазалығы баршамызға ортақ! Сондықтан әрбір тұрғын таза аудан үшін сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!

«Толқын» ақпарат
02 шілде 2024 ж. 63 0