Аралда сенбілік жұмыстары жүргізілді

Бүгін Аралда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстары барысында қаланың орталық көшелері мен шет аймақтар тазартылып, шөп-шалаңдар шабылды, қоқыстар жиналды.
Сондай-ақ, жаңбыр суы толған көшелерде су тарту жұмыстары да жүргізілуде.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қоғам үшін тиімділігі зор жұмыс жалғасын табатын болады.
Оған тек мекеме қызметкерлері емес, тұрғындар да белсенділікпен қатысуы керек. Өйткені бұл – баршаға ортақ.
Туған жерді бәріміз бірге аялайық!
