Бекбауылда бақша өнімдері жиналуда

Қазіргі таңда Бекбауыл ауылында бақша өнімдерін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауылдық округте барлығы 14 гектар жерге бақша өнімдері егілді.
Егіншілікті кәсіп қылған тұрғындардың бірі – Бекбауыл ауылының тұрғыны Марат Ақтілеуов. Аудан әкімдігінің 2022 жылы бақша дақылдарын егуге берген су айдау насосының тиімділігін пайдаланып, бір топ ауыл тұрғындарымен бірге 5 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырған шаруаның бүгінде бақша өнімдері сатылымға шыға бастады.
Қазіргі таңда егіншілер жинаған өнімдерін округтегі елді мекендерге және көршілес Әйтеке би кенті мен тағы да басқа елді мекен тұрғындарына өткізуде.


"Толқын" ақпарат