Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында «Көшбасшылар кубогы" сайысы өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Көшбасшылар кубогы" сайысы өткізілді

Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Көшбасшылар кубогы» спартакиадасы өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге арналған сайысқа 6 команда қатысып, бақ сынады. Әр салада еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер сайыс ережесіне сай 5 кезең бойынша білімдерін сарапқа салды. Қатысушылар ойынның барлық кезеңінде түрлі сала бойында қойылған сауалдарға лайықты жауап беріп, белсенділік танытып, терең білім мен жоғары біліктілік танытты. Мұнымен бірге, әр команда арасынан шыққан көшбасшылар өзара жарысқа түсіп, үздік ойыншыны анықтады.
Сайыс қорытындысымен жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға аудан әкімінің арнайы дипломдары табысталды.

"Толқын" ақпарат
15 тамыз 2024 ж. 66 0