Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманөткел "Үлгілі ауыл" атанды

Аманөткел "Үлгілі ауыл" атанды

Сырдария ауданында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» республикалық семинары барысында облыс әкімі Н. Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Өткен жылдан бері қолға алынып келе жатқан конкурс бүгінде үздік елді мекенді дәріптеу арқылы аймақтың экономикалық және экологиялық ахуалын көтеруде. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы аудан орталықтары мен ауылдар арасында дәстүрге айналып келеді.
Осы жолғы байқауға облыстық бюджеттен 564 млн. теңге қаржы бөлінді. Тәуелсіз сарапшылық комиссия бұл жолы «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша үздіктер көшіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті лайық деп тапты. Ал «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша ауданға қарасты Аманөткел ауылы үшінші орынды иеленді.
Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін үлгілі ауылдардағы абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн. теңгенің сертификаттары берілді. Мұндай құрметке ие болған ауылдар қатарында Қосжар ауылы да бар.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
18 тамыз 2024 ж. 150 0