АРАЛ ҚАЛАСЫ “ҮЛГІЛІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ” НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгін облыс әкімі “Үлгілі елді мекен” конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысып, үздік шыққан елді мекендерге коммуналдық техникалардың кілтін табыстады.
«Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы ең алдымен басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзқараспен қарауы тиіс» - деп мемлекет басшысы басымдық берген болатын.
Бұл баршамызға ортақ марапат! Арал қаласының жеңісі бұл - ауданымыздың жеңісі. Қаламыз әрдайым биіктерден көріне берсін!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет : Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі