Облыс әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қою кезінде тараптар облыс тұрғындарын МӘМС жүйесі туралы хабардар етуде жан-жақты қолдау туралы уағдаласты. Бұл ынтымақтастық ақпараттық жұмысты қамтуды едәуір кеңейтеді және азаматтардың көпшілігін МӘМС туралы маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне қамтамасыз етеді. Енді оператордың жауабын күту режимінде тұрған абоненттер МӘМС жүйесі туралы пайдалы ақпараты бар 20 секундтық аудиороликтерді тыңдай алады.
«109 бірыңғай байланыс орталығы» тәулік бойы, 24/7 жұмыс істейді және қала мен облысты абаттандыру мен тіршілікті қамтамасыз ете отырып, облыстың атқарушы органдарымен және коммуналдық қызметтермен өзара әрекет етеді.
