Педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды
Биыл тамыз конференциясы алғаш рет халықаралық қонақтардың қатысуымен саммит форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жылы саммит «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу ерекшеліктеріне арналады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, саммит аясында жасанды интеллектіні қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді.
Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады. Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимде қатысады.
Сурет: egemen.kz