Белгілі кәсіпкер жарық сөнсе, өміріне қауіп төнетін жігітке үй сыйлады

Орал қаласынан денсаулығына байланысты көмек сұрап хабарласқан бауырының бетін қайтармай, баспаналы болуды армандаған өрімдей жас жігіттің арманын Аманжол Рысмендиев бір сәтте орындап, үлкен алғысқа бөленді.
Бұл азаматтық ісімен «заманнан мейірім мен жақсылық кетті, адамгершілік жоғалды» деген ұғымға қарсы шығып, нағыз ердің бар екенін дәлелдеп берді. Қиындыққа тап болған бауырына пәтер сыйлау арқылы Алланың ғана емес, сол жігіттің анасының да алғысын алған кәсіпкердің болашаққа жоспары көп. Ол ең бастысы бұл жақсылығы – көпшілікке үлгі болса екен дейді. Адамның күні адаммен болғандықтан, әлі талай қайырымдылықпен айналысып, жақсылық жасаудан жарысуды ұсынады.
Аманжол Рысмендиев сияқты елдің ертеңін ойлаған, нағыз азамат, ірілік пен мәрттікті ту еткен, жомарт жандар көп болса екен дейміз.