Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады

Бүгін, 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтырақ айтсақ, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков ел намысын қорғайды.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ

(Этноауыл)

08.09.2024 ж.

    09:00 – 09:40 - 1 топ
    09:50 – 10:30 - 2 топ
    10:40 – 11:20 - 3 топ
    11:30 – 12:10 - 4 топ
    12:20 – 13:00 - 5 топ
    13:10 – 13:50 - 6 топ
    14:00 – 14:40 - 7 топ
    14:50 – 15:30 - 8 топ
    15:40 – 16:20 - 9 топ
    16:30 – 17:10 - 10 топ
    17:20 – 18:00 - 11 топ
    19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі 8 қыркүйек күні Астана уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сурет: ашық дереккөз
08 қыркүйек 2024 ж. 93 0