Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпір құрылысы: аспалы белдік орналастырылуда

Көпір құрылысы: аспалы белдік орналастырылуда

Арал қаласының ортасынан өтіп жатқан темір жолдың үстінен аспалы көпір салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Көпірдің тіреуішінде (опорасында) бұрғылау және тіреу бағаналары толық қағылып, тіреуіш қабырғалары тұрғызылды.
Бұл күнгі қуанышты сәт өздеріңіз көріп отырғандай темір жол үстінен өтетін негізгі конструкцияның бірі 42 метрлік аспалы белдік (балкы) орналастыру жұмыстары басталды. Бұған дейін де қаншама жұмыстар атқарылғанына қарамастан кейбір тұрғындар тарапынан, «аспалы көпір аяқсыз қалды ма?» деген сарында сыни пікірлер айтылып келді. Өздеріңіз куә болып тұрған жұмыс сол қиындықтардың барлығын артта қалдырды. Қолға алынған жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды. Сәтін салса алдағы бірер айдың шамасында аспалы көпірге қатысты жұмыстар толығымен бітеді деп күтілуде.
Қазірдің өзінде негізгі тіреуштердің астыңғы қабатына топырақ (грунт) тасымалданып, тұғырлар нығайтылуда. Негізі салмақ түсетін тұстың жұмыстары аяқталса, аспалы белдіктердің екі жағынан түсетін жол жұмыстары жалғасатын болады.
– Біз осы сәтті қанша күттік. Көзге көрінетін жұмыс осы болғандықтан бұған дейін қыруар іс тындырылғанын көбі байқай бермейді. Негізі аспалы көпір 2025 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Алла сәтін салса біз бұл жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтаймыз деген жоспарымыз бар, – дейді Арал аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ш.Есжанов.
Мұндағы жұмыстарды аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жіті бақылап, елдің қажетіне жарайтын үлкен жобаның тиянақты әрі сапалы аяқталуын қадағалауда. Бүгінгі қуанышты сәттің ерекшелігі өз алдына, оның толық аяқталып тарихқа айналуына да санаулы уақыттар қалды. Барлығы сәтімен болсын!

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
19 қыркүйек 2024 ж. 112 0