Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 9-1-тараумен толықтырылды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 9-1-тараумен толықтырылды

Бұған дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысаныКәсіпкерлік кодекстің талаптары негізінде жүзеге асырылып келген болатын.
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 6 сәуірдегі №71-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы
9-1-тараумен толықтырылды.
Бұл тараумен тексерудің жалпы мәселелері, тексеру жүргізу тәртібі, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралары, уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының құқықтары, тексерілетін мемлекеттік орган мен оның лауазымды адамдарының тексеруді жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері, тексерудің жарамсыздығы мәселелері айқындалған.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің
бас маманы Н.Ж. АЛИЕВ
20 қыркүйек 2024 ж. 118 0