БІЛІМ МИНИСТРІ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ГЕОГРАФИЯ МЕНТАЛИТЕТІМІЗГЕ САЙ БОЛАДЫ
Білім және ғылым минстрі Күләш Шәмшидинова Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география пәндерінің менталитетке сай болатыны жайында айтты.
– Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға дұрыс патриоттық тәрбие беру үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география пәндерінің мазмұны халықтың менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады, – деді министр.
aikyn.kz