Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ «АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» ӨҢДІРІСТІК БӨЛІМІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

АЭС БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ «АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» ӨҢДІРІСТІК БӨЛІМІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері  Жұқабаев Жақсыбай және Төлебаев Ардақ «Арал –Сарыбұлақ  топтық су құбыры» өңдірісітк бөлімінің ұжымымен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы маңызды мәселе Атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңыздылығы талқыланды.

Штаб мүшесі қазіргі электр станцияларының басым бөлігі ескірген көмір станцияларына негізделген және олардың экологиялық тиімділігі төмен екендігін атап өтті. Сондықтан АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды қадам болмақ дейді.
«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы»
Қазақстанның қазіргі энергетикалық жүйесі ескірген көмір станцияларына тәуелді болғандықтан, болашақта экологиялық және энергетикалық мәселелер туындауы мүмкін. Еліміздегі АЭС салу бастамасы энергетикалық қауіпсіздігімізге берік негіз жасайды. Экологиялық жағдайды жақсартып, электр энергиясының бағасын тұрақтандырады және технологиялық даму мен өнеркәсіптік өсу жолындағы маңызды қадам болады
Кездесу соңында ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауында айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
02 қазан 2024 ж. 70 0