Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Атом электр станциясын салу – ел тағдырын айқындайтын маңызды қадам» - Халықтық штаб

«Атом электр станциясын салу – ел тағдырын айқындайтын маңызды қадам» - Халықтық штаб

Атом электр станциясын қолдау жөніндегі Арал аудандық халықтық штаб мүшелері «Аралтұз» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.

Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұртшылық арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту.
«Аралтұз» АҚ қызметкерлерімен кездескен аудандық халықтық штаб мүшелері алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.
Халықтық штаб мүшелері еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігін, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігін, олардың жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті.

6 қазан референдумға қатысып, болашаққа нық қадам жасаймыз!
#AMANAT
09 қыркүйек 2024 ж. 111 0