Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Елдің тілегін тілеймін"

"Елдің тілегін тілеймін"

Тасболат Есдәулетов,
Жіңішкеқұм ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
– Адам Алланың берген жасынан артық жасай алмайды ғой. Көп жасадым дей алмаймын мен де. Құдайдың берген өмірін сүріп келеміз. Ел басынан талай қиындық өтті. Бірге өткердік. Жұртпен жасасып келеміз. Ал бөркімізді аспанға атып, азаттық алғалы елдің талай табасты тірлігін көзбен көрдік. Қазір қолымыздан келері тілеулес болып, жұрттың амандығын, елдің енселуін күні-түні тілеу ғана.
Бүгінгі маңызды күнде мен де болашаққа деген сеніммен өз таңдауымды жасадым. Сіздер де үлес қосыңыздар.
06 қазан 2024 ж. 78 0