Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділ сайлау өтеріне сенім мол

Әділ сайлау өтеріне сенім мол

Дауыс беру уақыты басталысымен таңдауын жасауға асыққан жұрттың қарасы көп. Солардың қатарында Қосжар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарасай Тәжімбетов те бар. Ардагер өз сөзінде:
Оқи отырыңыз: Сайлаушылардың белсенділігі жоғары
– Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау ауыл тұрғындары үшін таңдаудың ең тиімді жолы екені күмәнсіз. Алғаш рет өтіп отырған бұл Сайлау сонысымен де өте маңызды болды. Барлық ауыл тұрғынының күтетін өзгерісі, жаңалығы көп. Келер күннен тек жақсылық тілейміз. Жалпы әр ардагер елдің, жердің, жастардың тілеуін тілеп жүреді. Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 30 жыл биыл толған елдің болашағы баянды болу үшін мен өз таңдауымды жасадым. Барша тұрғындарды дауыс беруге қатысып, әділ таңдауын жасауға шақырамын, – дейді.
"Толқын" ақпарат
25 шілде 2021 ж. 714 0