Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси доданың маңызын сезіне білді

Саяси доданың маңызын сезіне білді

Бүгін кезекті Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Бұл – ел болашағы үшін аса маңызды сайлаудың бірі. Мен саяси додада таңдауымды жасап, өз  дауысымды бердім.

Сайлау кезінде қазіргі пандемия жағдайын ескеріп, сайлаушыларға жайлы жағдай жасалған. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Әрине, қиын шақта мұндай маңызды шараны өткізу оңай емес, десе де біздің жеке бас қауіпсіздігіміз жіті сақталуда.
Тағы бір айта кетерлігі қазақстандықтар үшін Сайлаудың аса маңызды кезең екенін де сайлаушылар анық аңғартты. Осындай қиын жағдайда елдің болашағы, тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отырған Қазақстанның дамуына жаңа өзгеріс алып келетін таңдау сәтінде өздерінің ықпалы ерекше екенін сезініп аса белсенділікпен ат салысты. Мен де елдің ертеңі үшін өз таңдауымды жасадым.
Нұржан Кеңесханов,
Арал қаласының тұрғыны
10 қаңтар 2021 ж. 731 0