Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тимур Жантикин: АЭС құрылысы бір жылдық белес емес

Тимур Жантикин: АЭС құрылысы бір жылдық белес емес

Kyzylorda-news.kz "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин елімізде күні кеше, яғни 6 қазанда өткен референдумға қатысты пікірін білдірді.

"Құрметті отандастар!

Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында қазақстандықтар оң таңдау жасады. Референдум сәтті өтті. Бұл отандастарымыздың ортақ іске ұйысып, жұмыла кірісе алатынын көрсетті.

Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға қысқасы, атом электр стансасын салу экономиканың және онымен байланысты барлық саланың дамуына мультипликативті әсер етеді.

Ғылым мен білімнің, технологияның дамуына жол ашады. Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Сондықтан, отандастарымыз бұл жолда өте дұрыс таңдау жасап, болашаққа нық қадам басты деуге келеді.

Дегенмен, алда атқарар ауқымды міндет тұр. АЭС құрылысы бір жылдық белес емес. Ол циклдік кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын ұзақмерзімді жоба. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жоба. Ал, оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді.

Біз өз тарапымыздан келешек ұрпақтың қамы үшін осы жобаның сәтті іске асуына аянбай үлес қосатын боламыз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, атом электр стансасын салу үшін әлемдік жеткізушілердің ең үздік технологиялары іріктелетін болады", – деді Тимур Жантикин.
@knpp

t.me/knpp_kz/1853
07 қазан 2024 ж. 69 0