Әлеуметтік көмектің мөлшері 50 500 теңгеге дейін көбейетін болды

Ал мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыға тоқсан сайын берілетін жәрдемақыны 30 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады Almaty.tv.
"Өткен жылы жәрдемақы 800 балаға төленді. Биыл да осы 800 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл жәрдемақыны алу үшін қосымша 11,4 миллион теңге бөлініп отыр. Айтылған үш әлеуметтік көмектің үшеуі де бұрыннан бар, бұл жаңалық емес. Тек оларды алатын адамдардың саны мен көмектің көлемі ғана артып отыр", - дейді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.