Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Республика күніне орай біржолғы төлемдер алады

Қазақстандықтар Республика күніне орай біржолғы төлемдер алады

Республика күніне орай азаматтардың белгілі бір санаттары біржолғы мереке алдындағы төлем алады. Қарағанды әкімдігі ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, барлық топтағы мүгедектерді, АИТВ инфекциясымен ауыратын балаларды және басқа да азаматтарды мерекемен құттықтайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады. Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады.
Мүгедектігі бар адамдар мерекеге 20 мың теңгеден алады. Қарағандыда олардың саны 22,5 мыңнан асады. АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтар 18 мың теңге төлем алады.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.
Қазақстанда Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. Бұл күні қазақстандықтар демалады.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды
24 қазан 2024 ж. 60 0