Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз ардагерлері Жеңіс күніне орай 1 188 доллардан алады

Қырғыз ардагерлері Жеңіс күніне орай 1 188 доллардан алады

Қырғызстанда Ұлы Отан соғысының 107 ардагері Жеңістің 77 жылдығына орай Президент қорынан 10,8 млн сом ($128,5 мың) көлемінде біржолғы материалдық көмек алады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қол қойған өкімге сәйкес, біржолғы көмек көрсету аясында ҰОС ардагерлерінің келесі санаттары 100 мың сомнан ($1188 астам) алады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері; - Ұлы Отан соғысына қатысушылар; - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерь, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
- 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін қоршаудағы Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған адамдар.
Бұдан басқа, аталған санаттағы адамдар 9 мамырға қарай 20 мың сом (шамамен $237,7) мөлшерінде жыл сайынғы қосымша біржолғы ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ алты есептік көрсеткіш және төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай жәрдемақы алады.
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1 млн теңге, яғни 2 329 доллардан берілді. Еліміздің екі өңірінде соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден (4659 доллар) біржолғы көмек көрсетілген.

inform.kz
06 мамыр 2022 ж. 600 0