Жеңіс күніне орай Қазақстанда 1945.kz сайты іске қосылды

Сайтта Ұлы Отан соғысында соғысқан майдангерлер мен тылда еңбек еткендердің өмір жолы, естеліктер жарияланады.
Соғыс ардагері туралы мәліметті оның туған-туыстары ardager@1945.kz электрон мекен-жайына жібере алады.
Бұдан бөлек әлеуметтік желіде #AtamnynAmanaty75 челленджі жүріп жатыр. Мұнда қазақстандықтар ардагерлердің өмір жолын баяндап, арнау оқиды.
27 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнінде соғыс ардагерлерінің бір де бірі елеусіз қалмайды деп мәлімдеген еді.
Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді.