Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда бірінші орында

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбековтің айтуынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында бірінші орында.
- Аймақта индустрияландыру шараларының нәтижесінде өнеркәсіптің өңдеу саласы қарқынды дамуда. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 2%, өңдеу өнеркәсібі – 28%, сауда – 6,0%, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 25,1% артты, - деді басқарма басшысы.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 79 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 452 жоба несиелендірілді. Облыс аумағында 53 жаңа өндіріске қолдау көрсетілген.
- Өздеріңізге мәлім, бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған. Биылғы жылы 5 млн теңгеге дейінгі гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл бір өнім» жеңімпаздарына арналды. Конкурстық іріктеуге 33 өтінім жіберілді. Бүгінгі күні конкурстық іріктеу өтуде. Бұдан өзге, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар биыл 1558 жобаға берілді, - деді Бекболат Жүнісәліұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі