Қызылордада ХҚКО-нда Республика күніне іс-шара ұйымдастырылды

Мереке қарсаңында ХҚКО қызметкерлері таңертеңнен бері қызмет алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады және made in Kazakhstan шоколадын таратты.
Бұл шара тұрғындардың бірлігі мен патриоттық сезімін күшейтуге және сақтауға бағытталған. Науқан жұмыс күнінің соңына дейін жалғасады.

Ал 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметті сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.