Конституция күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның хабарлауынша, Конституция күнін тойлауға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұма күні, 30 тамызда жұмыс істемейді.
Бұл ретте 31 тамыз кезекші қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болады.
Олар таңғы 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. "2 қыркүйек, дүйсенбіден бастап орталықтар әдеттегі кесте бойынша – сағат 9-дан 18-ге дейін, кезекші қызмет көрсету орталықтары – сағат 20-ға дейін, бұл ретте арнайы қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 18-ге дейін, ал кезекші қызмет көрсету орталықтары сенбі күні сағат 13-ке дейін жұмыс істейді", - деп хабарлады мемлекеттік корпорацияда.
Сурет: ашық дереккөз