Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Республика күнімен құттықтады
Ардақты ағайын!
Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл күн елдің демократиялық дамуы мен ұлттық бірлігінің символы. 1990 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария болды. 2022 жылдан бастап мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке деген айшықты атауға ие болды.
Бұл мереке – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Асқан табандылықпен келген тәуелсіздігіміздің мәнін, елдің болашағын және ұрпақтарымызға қалдыратын мұраның құндылығын әрдайым есте сақтауымыз керек.
Қадірлі жерлестер!
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл қаншауақыт өтсе де өз құндылығын жойған жоқ. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтау баршамызға берілген міндет. Мықты мемлекет болудың да негізі осы.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Мемлекетіміздің бірлігі арта берсін!
Көк байрағымызәркез көкте желбіреп, елдігіміз мәңгілік болсын!
Ізгі ниетпен
Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев