Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі Серік Сермағамбетов Республика күнімен құттықтады

Арал ауданы әкімі Серік Сермағамбетов Республика күнімен құттықтады

Ардақты ағайын!Қадірлі жерлестер!Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын. Сол декларация негізінде алғаш рет Қазақстанның жеке террито-риясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Өткен жылдан бастап Мемлекет басшы-сы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл күнге «ұлттық мереке» мәртебесі беріліп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде қайта атап өтіле бастады.
Бұл күн Егемен елдің еңсесін тіктеуге үлес қосқан бабалар рухына тағзым ететін, мемлекеттің дамуына еселі еңбек еткен бүгінгі ұрпаққа алғыс білдіретін байырқалы мереке. Осы айтулы мереке қарсаңында
өздеріңізге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.
Мемлекетіміздің мерейі үстем болсын! Ынтымақ атты ыстық ұғымды қастерлеген халқымыздың ырысы арта берсін.
Ізгі ниетпен Арал ауданының әкімі
Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ
25 қазан 2023 ж. 294 0