Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Конституция күнімен құттықтады

Аудан әкімі Конституция күнімен құттықтады

Қадірлі жерлестер! Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Ата заңымыз – егемен еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттайтын тарихи құжат. Мұнда мемлекетіміздің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың мақсат-міндеттері көрсетілген. Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды.
Конституция – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесінен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады.
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Айтулы мереке қарсаңында өздеріңізге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.Ынтымақ атты ыстық ұғымды қастерлеген халқымыздың ырысы арта берсін. Бейбітшілікті ту еткен Тәуелсіз мемлекетіміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
30 тамыз 2023 ж. 196 0