Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі кәсіпкер Мейрамбек Жұмашев "Құрмет" орденімен марапатталды

Белгілі кәсіпкер Мейрамбек Жұмашев "Құрмет" орденімен марапатталды

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шарада ауданнан біршама азаматтар құрмет төрінен көрініп, жоғарғы марапаттарға ие болған-ды.
Солардың қатарында жерлесіміз, ауданға белгілі кәсіпкер, «ТОҒЫС-АРАЛОТЫН» ЖШС-ның директоры, Қызылода облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Тоғысұлы Жұмашев та бар.
Салтанатты шараға құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Елдіктің айқын көрінісі, аймақ жетістігінің жарқын жемісі саналған мазмұнды шарада облыс әкімі Н.Машбекұлы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Аталған жиында аудан дамуына айрықша үлес қосып, кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейтуде өзіндік қолтаңбасы бар азамат, кәсіпкер әрі меценат М.Жұмашев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Осыншама еңбек пен маңдай тер, байыпты іс пен байламды ойдың нәтижесі аймақ төрінде бағаланғаны ауданның ортақ жеңісі деуге болады. Құрмет төрінен көрінген аралдықтардың абыройы арта берсін!

Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
25 қазан 2024 ж. 55 0